Жұбан Тасар
Шежіредегі орныТасар Жұбан (1937 жыл, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы - 2014 жыл) - ақын.
Алматы кооперативтік техникумын бітірген. Мамандығы экономист-бухгалтер. Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының сауда саласында бас бухгалтер Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелерінде бас бухгалтер, ревизор, аудитор болып істеген. Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында өткен ақындар айтысының жүлдегері. 1968 жылы Қазақ поэзиясының Қарақалпақстандағы күндеріне қатысып, бір топ өлеңдері сол елдің жүлдесімен аталып өткен. «Туған елім» атты жыр жинағы жарық көрген. Поэзиялық шығармалары «Маңғыстау ақын-жазушыларының» 50 томдығына, есімі «Маңғыстау энциклопедиясына» енгізілген. Публистикалық, әзіл-сықақ шығармалары республикалық, облыстық газеттерде жарияланған. Мемлекеттік мекемелердегі ұзақ жылғы адал еңбегі үшін мемлекеттің "Еңбек ардагері" медалімен, шығармашылық табыстары үшін Маңғыстау облысы әкімдігінің және Ақтау қаласы әкімдігінің Алғыс хаттарымен марапатталған.