Жорға аю
ДәстүрЖаңартылған: 15.09.2026
Жорға аю — халық күйі. Орындаған Кәлек Құмақайұлы. Нотаға түсірген Әбділхамит Райымбергенов.
Күй туралы аңыз
Күй туралы бірінші аңыз: бір аю аралға апан салған екен. Бірде қонжықтарына жем іздеп тауға шығып кетіпті. Сол уақытта нөсер жаңбыр жауып, сел жүреді. Тасқын су аюдың апанын құлатып, күшіктерін шайып әкетеді. Судың бетінде қалқып кетіп бара жатқан қонжықтарын көрген аю таудан жорғалап түсіп, оларды құтқарып алып қалады. Содан аю жорға боп шыққан екен дейді. Бұл күй сондағы аюдың жүрісін бейнелейді. Екінші аңыз: Бір мерген аю атуға кетеді. Оның артынан әкесіне көрінбей кішкене баласы ереді. Бала аюға тап болады, аю баланы өлтіріп жерге көміп жатқан үстінен мерген шығады. Содан барып күй "Жорға аю" деп атанады.