Жікіл
ТарихЖаңартылған: 15.09.2026
Қысқаша мәлімет
Жікіл, шігіл– ежелгі түркі тайпасы. 7 – 12 ғасырлар аралығында Оңтүстік Тарбағатайдан Жетісуға қоныс аударған. Орталық қаласы Жікіл болған. Махмұт Қашқари Жікіл қаласын сипаттай келіп, бұл кент Жікіл тайпасының орталығы болғанын айтады. Қала ірге көтергеннен кейін оған келіп қоныстанған басқа тайпалардың өкілдері де өздерін “жікілміз” деп атайтын болған.