Жеңіс Әкімжанұлы Шоқыбаев
ТарихЖаңартылған: 15.09.2026

Жеңіс Әкімжан-ұлы Шоқыбаев(1942 ж.т., Алматы облысы Райымбек ауданы Кеген ауылы) – педагогика ғылымының докторы (1996), профессор (1997). Албан тайпасы Қыстық руынан шыққан. ҚазМУ-ды (1964, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1968) бітірген. 1968 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. «Студенттердің кәсіби бағдарын қалыптастырудағы мамандандырылған оқу кітаптарының дидактикалық негіздері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 40-тан астам ғылыми жарияланымның авторы.