Жарылқасын (Аяған) Сырманұлы
ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Жарылқасын Сырманұлы, Аяған (1857, Қызылорда облысы Жалағаш ауданы, Еңбек ауылы — өлген жылы белгісіз, Қызылорда облысы Жалағаш ауданы, Еңбек ауылы) — ақын.
Оны Сыр бойының көптеген ақындары, оның ішінде Шораяқтың Омары да ұстаз тұтқан. Жарылқасынның Айқын қызбен айтысы Қазан қаласында үш рет басылған (1908, 1911, 1913). Кейін “Айтыс” жинағының (1965, 1988) басылымдарына енген. Жарылқасынның осы айтыстан басқа “Тау еліндегі туыстарға”, “Көрпелі мен Көмекке”, “Бекәліге”, “Аламесектегі тамалар”, т.б. өлеңдері бар. Аяған — Жарылқасынның лақап аты.