Жәнібек ауылы
Жәнібек — Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы ауыл, аудан және Жәнібек ауылдық округі орталығы, темір жолы стансасы.
Географиялық орны
Облыс орталығы - Орал қаласынан батысқа қарай 440 км жерде, ақ жусан аралас шөл бидайық, көкпек, бұйырғын өскен, сортаң, cop келген қоңыр, бозғылтқоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 7580 адам (3783 ер адам және 3797 әйел адам) болса, 2009 жылы 7460 адамды (3663 ер адам және 3797 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 7586 адамды (3727 ер адам және 3859 әйел адам) құрады.
Тарихы, кәсіпорындары
Іргесі 1904 жылы қаланған. Жәнібекте май, нан зауыттары, элеватор, жанармай, ауыл шаруашылығы техника бірлестігі, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, құрылыс, көлік, т.б. кәсіпорындары, 11 шаруа қожалығы мен серіктестіктер, өндірістік кооперативтер ұйымдастырылған.
Инфрақұрылымы
Жароков атындағы мектеп, А. Оразбаева атындағы орталау мектеп, жалпы білім беретін мектеп-интернат, мәдениет үйі, ауданы аурухана, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, т.б. мекемелер бар. Жәнібекте Азамат соғысы мен Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға обелиск-ескерткіш, Қазақстан партия және мемлекеттік қайраткері Алма Оразбаеваға мемориал-тақта, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметоваға, әскери-саяси басшы Х.Халиуллин және қазақ ақыны Тайыр Жароковқа ескерткіштер орнатылған. Ауыл арқылы Астрахан-Саратов темір жолы өтеді. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль және темір жол арқылы қатынасады.