Shejire

Жаңатас

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026

Жаңатас — Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы қала, аудан орталығы (1997 жылдан).

Географиялық орны

Облыс орталығы — Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 км жерде, Қаратау жотасының солтүстік беткейінде жусан, күйреуік, баялыш өскен таудың сұр топырақты шөлейт белдемінде орналасқан.

Халқы

Тарихы

Іргесі ірі фосфорит кенін игеруге байланысты 1964 жылы қалана бастады. 1969 жылы кентке, 1971 жылы қалаға айналды. Қалада бұрынғы фосфорит өндірісінің негізінде құрылған акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы

Бірнеше мектеп, мұражай, мәдениет үйі, 2 кітапхана, спорт мектебі, клуб, аурухана, тубдиспансер, аудандық санэпидемиологиялық станция бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль және темір жол (Тараз — Жаңатас темір жол тармағы) арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Дереккөз: https://kk.wikipedia.org/wiki/Жаңатас

Бұл мәтін көрсетілген дереккөзден бейімделген; CC BY-SA лицензиясы бойынша пайдаланылады.

Мәліметтер

Ел
 ҚазақстанҚазақстан
Ауданы
Сарысу
Облысы
Жамбыл
Статусы
Аудан орталығы
Тұрғыны
25 583[1] адам (2023)
Уақыт белдеуі
UTC+5:00
Координаттары
43°33′45″ с. е. 69°44′38″ ш. б. / 43.56250° с. е. 69.74389° ш. б. / 43.56250; 69.74389 (G)&…
Қала статусы
1971