Жайық казак-орыс әскері
Жайық казак-орыс әскері — Ресейдің оңтүстік аудандарынан қашып-пысқан босқындардан Жайық бойында 16 ғ-дың 2-жартысында қазақ жерін ашықтан-ашық отарлау үшін құралған құрамалар. Билік толығымен казак-орыс қолында болды. Казактар алғашқы кезде негізінен балық аулаумен, 18 ғ-дан бастап мал бағумен де айналысты. Бірақ, бойлары үйренгеннен кейін, яғни 19 ғ-дан бастап олар қорғансыз Жайық қазақтарының шұрайлы жайылымдық жерін, өрістегі малын тартып ала бастады, ауылдарға тұтқиылдан шабуыл жасап, адамдарды қырды. 1919 ж. таратылды.
Елді мекендері
1-ші Орал әскери бөлімі
1. Кирсанов станицасы Кирсанов кенті Елтышев кенті Январцев кенті 2. Рубежин станицасы Рубежин кенті (Рубежинское) Требушин кенті (Красноармейское) Дьяков кенті (Озёрное) Серпутов кенті Курноскин кенті (Красный Свет, Ақбидай) Савичев кенті Чеботарёв кенті (Құрманғазы) Полварин кенті 3. Трёкин станицасы Трёкин кенті Гнилой кенті (Володарское) Дарьинск кенті Голицын кенті (Галицино) Новенький кенті 4. Орал станицасы Орал қаласы Ревун кенті (Зашаған, Коминтерн ш/а) Подстёпный кенті Ново-Деркульский кенті (Жамбыл) Садовый кенті Маштаков кенті 5. Круглоозёрная станицасы Круглоозёрный кенті Серебряков кенті Щапов кенті Ливкин кенті Деркөл кенті Верхне-Гремячий кенті Широкий кенті Перемётный кенті (Новенькое, Қайнар) Ново-Перемётный кенті (Перемётное) Железнов кенті (Атамекен)
2-ші Калмыков әскери бөлімі
1. Шаған станицасы 1-ші Шаған кенті (Үлкен Шаған) 2-ші Шаған кенті (Кіші Шаған) Көшім кенті 2. Скворкин станицасы Владимир кенті (Владимировка, Ақсу) Скворкин кенті Янайкин кенті Богатск кенті Жемшин кенті (Тоғайлы) 3. Бударин станицасы Прорва кенті Коловертной кенті Бударин кенті Баранов кенті (Самал) 4. Ілбішін станицасы Кожехаров кенті (Жаңабұлақ) Ілбішін қаласы (Чапаев) 5. Мергенев станицасы Горячин кенті (Горячкино, Мойылды) Мергенев кенті Қаршы кенті 6. Сахарная станицасы Сахарный кенті Калёный кенті (Ақбұлақ) Лебяжин кенті Антонов кенті (Атамекен) 7. Калмыков станицасы Круглый кенті Котельный кенті (Котельниково, Алмалы) Калмыков кенті (Тайпақ) Краснояр кенті (Томпақ) 8. Каменская станицасы Каменка кенті (Тасқала) Ассеричев кенті (Асерчево) Зелёный кенті Вавилин кенті (Бастау) Паника кенті (Ақтау) Цыганов кенті (Егіндібұлақ) 9. Шежін станицасы 1-ші Шежін кенті 2-ші Шежін кенті Ермоличев кенті (Ермольчево, Еменжар) Ширяев кенті (Кирово, Алмалы) Подтяжки кенті (Мереке) Шильная Балка кенті (Аққурай) Богатырёв кенті (Болашақ) 10. Карманов станицасы Карманов кенті (Қырқопа) Қызылоба кенті (Красногорское, Қызылоба) Бесоба кенті (Пятимарское, Пятимар) Қисыққамыс кенті (Жаңақала) 11. Глиненская станицасы 1-ші Глиненский кенті 2-ші Глиненский кенті (Ленинское, Мәстексай) Бородин кенті (Факеево, Сарыкөл) Мухорский кенті (Мұқыр) Мокринский кенті (Жаңажол) 12. Сламихин станицасы Сламихин кенті (Фурманово, Жалпақтал) Берёзов кенті (Берёзино, Қайыңды) Талов кенті (Русская Таловка, Ащысай) Үлкеноба кенті (Көктерек)
3-ші Гурьев әскери бөлімі
1. Кулагин станицасы Харькин кенті (Шабдаржап) Горы кенті (Аққала) Гребенщиков кенті (Ынтымақ) Кулагин кенті (Есбол) 2. Орлов станицасы Орлов кенті (Өрлік) Зелёный кенті (Көктоғай) Топайлы кенті (Ө. Атамбаев) 3. Жаманқала станицасы Карманов кенті (Кеңөріс) Бақсай кенті (Ақтоғай) Жаманқала кенті (Махамбет) 4. Сарайшық станицасы Сарайшық кенті (Ескі Сарайшық) Сорочинский кенті (Аққайың) Редут кенті (Талдыкөл) Кандауров кенті (Алмалы) Новобогат кенті (Х. Ерғалиев) 5. Гурьев станицасы Гурьев қаласы (Атырау)