Ыстөбе

Ыстөбе қалашығы – көне қала орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Мойынқұм ауданы, Ынталы ауылынан солтүстікке қарай 12 км қашықтықта орналасқан.
Сипаты
1980 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Байбосынов) тауып, алғашқы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Жобасы тік бұрышты, бұрыштары құлаған, жарыққа бағытталған төбе. Көлемі солтүстіктен оңтүстікке қарай 66 м, батыстан шығысқа қарай 60 м, биіктігі 3,8 м. 1986 жылы ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетті) археологиялық отряды (жетекшісі М. Елеуов) қазба жұмыстарын жүргізіп, керамикалық ыдыстарды аршып алды. Зерттеу нәтижелері Ыстөбенің X-XII ғасырларда өмір сүргенін көрсетеді.
Дереккөздер
