Shejire

Ынтымақ, тайтөбе

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026

Ынтымақ, Тайтөбе – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археологиялық ескерткіш, көне қала орны.

Орналасқан жері

Талас ауданы Ойық ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5 км қашықтықта орналасқан.

Тарихи дерек, сипаты

1949 жылы Л.И. Ремпель жетекшілік еткен экспедиция тауып, алғашқы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қаланың орны аумағы 120х90 м, биіктігі 2 м болатын төбешік тәрізді. Қазба жұмыстары барысында керамикалық ыдыстардың қалдықтары көптеп табылды..

Дереккөздер