Shejire

Витовт

ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026
fragment of a canvas painting of Jan Matejko about the Battle of Grunvald
Jan Matejko · Public domain

Ұлы Витовт (1350-1430) – ортағасырдағы Литваның әйгілі билеушілерінің бірі. Патша лауазымымен тең саналатын «ұлы князь» атағын алған ол өз иелігінің жоғарғы дәрежедегі билешісі болды. 1401 – 1430 жылдары басты тұрғындары литвалықтар мен русиндіктер болып табылатын Ұлы Литва князьдігін биледі. 1370 – 1382 жылдары Гродно князьдігінің, ал 1387 – 1389 жылдары Луцк князьдігінің ханзадасы болып тағайындалды. Витовт – Литвада өте көп қолданылатын ерлер есімі. Литвадағы Ұлы Витовт университеті Витовттың құрметіне осылай аталған. Витовт 1350 жылы Кейстуттың екінші әйелі Бирутадан туған.

Дереккөздер

Дереккөз: https://kk.wikipedia.org/wiki/Витовт

Бұл мәтін көрсетілген дереккөзден бейімделген; CC BY-SA лицензиясы бойынша пайдаланылады.

Шежіредегі орны