Вадим Хрисанфович Харасахал
ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026
Вадим Хрисанфович Харасахал (18 қазан 1918, Украина, Николаев облысы – 17 қараша, 1966, Алматы қаласы) – физика-математика ғылымдарының докторы (1966), профессор (1966).
Өмірбаяны
ҚазМУ-ды (1942, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Осы оқу орнында ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі (1942–1966) қызметтерін атқарған.
Ғылыми еңбектері
Ғылыми еңбектері жай дифференциалдық теңдеулердің периодты дерлік шешімдерінің бар болуына, квазипериодты коэффициенттері бар сызықты жүйелердің өткізгіштігіне арналған.