Үшқорған
ТарихЖаңартылған: 15.09.2026

Үшқорған – көне қала орны.
Орналасқан жері
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы жерінде.
Сипаты
Қалашықты 1940 жылы Жамбыл археологиялық пункті (жетекшісі Г.И. Пацевич) зерттеген. Үшқорған — шаршы сипатты алаң. Ол биіктігі 3 м соқпалы дуалмен қоршалған. Соқпа қабырғаларының орталарында және бұрыш-бұрыштарында биіктігі 7 м мұнаралар бой түзеген. Қала шамамен XVIII-XIX ғасырларда өмір сүрген.