Shejire

Уәлі

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026
Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Уәлі қалашығы (X-XIII ғ.) – Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Маңғыстау ауданы, Сайөтес ауылынан 58 км солтүстік-шығыс бағытта орналасқан.

Сипаты

Ескерткіш Маңғыстаудың "Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен анықталған. Қалашық ауданы 10 га, биіктігі 2 м, ені 30-35 м, жоспарда жер асты құрылысы бар 300×170 м, шығыс-батыс кіндік сызығы бойымен созыла орналасқан. Солтүстік-батыс бөлігінде ені 10 м жал өтеді. Жалдың үстінде 2 қабатты ені 2 м тас қабырғаның қалдығы орналасқан. Жалдан асып кірер жерде солтүстік-батыс бөлікте цоколды бір қабатты төртбұрыш құрлыс орны бар. Осы жерде бір қатарлы құрлыс 70×30 м сақталған. Отүстік-шығыс бөлікте орналасқан жалдың етегінде тағы да бірді-екілі бөлмелі құрлыстың ірге тасы сақталған. Жалдың батыс бөлігінде моңғол шапқыншылығына дейінгі кезеңдегі қызыл саз қыш ыдыстың сынықтары кездеседі.

Дереккөздер

Дереккөз: https://kk.wikipedia.org/wiki/Уәлі

Бұл мәтін көрсетілген дереккөзден бейімделген; CC BY-SA лицензиясы бойынша пайдаланылады.

Мәліметтер

Қалануы
X-XIII ғасыр
Мәртебесі
Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
44°37′24″ с. е. 54°08′40″ ш. б. / 44.62333° с. е. 54.14444° ш. б. / 44.62333; 54.14444 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Маңғыстау облысы