Shejire

Тезекбай Шоқтыбайұлы

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026
Ezra Cornell's first book
Public domain

Тезекбай Шоқтыбайұлы (1827 – 1912, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы) – ақын. Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан. Заманында Тезекбай ақынды жеңген адам болмаған деседі. Атақты Кемпірбай, Жәмішбай, аға сұлтан Құнанбайдың ақыны Балтаны, тағы басқа белгілі ақындардың тізесін бүктірген, Шөжені айтыста сүріндірген де осы Тезекбай ақын болса керек. Арғында мен тұрғанда кім сөйлейді, ... Аяғымды басамын қырынырақ, Менің Тезекбай ақын болғаным бұдан бұрынырақ. Кімдер Тезек ақындай болмайын деп ойламайды, Әркімге Тезек ақындай болуға қиынырақ – деген Тезекбай Бірде Жүсіп деген кісі Тезекеңнің ауылының үстінен өтіп бара жатып, Тезекбай ақынның «үйге түс» дегеніне қарамай кетіп қалады. Сонда Тезекбай ақын: Жүсіпжан, кімге жолдас бұл дүние боқ, Желкеге таяп тұр ғой ажалды оқ. Үйге түс, асықпа сен, дәм татып кет, Келгенше енді айналып кім бар, кім жоқ, – дейді. Бір-екі күннен кейін Жүсіп Тезекбай ақынның сөзін есіне алып үйіне келсе, Тезекбай ақын ол дүниеге жүріп кетіпті.

Дереккөздер