Shejire

Тепең көк

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026

Тепең көк- Садак биі"-қазақ биі. Осы аттас халық күйінің сүйемелімен орындалады. Музыка өлшемі 6/8 жөне 9/8 1934 ж. Е.Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібек" операсында (балетмейстер - А.А. Александров) қойылды. Би жігіттердің ат жарысын, садақ тартудағы мергендігін, қылыш сайысындағы ептілігі мен шеберлігін, сондай-ақ төзімділігін бейнелейді. "Қыз Жібек" операсының жана спектаклінде (1954, 1984) және "Әнші ауыл" көркем фильмінде бидің балетмейстер Д.Әбіров қойған нұсқалары орындалды. Көркемөнерпаздар ұжымының репертуарында "Тепең көк" биінің басқа нұсқалары да бар.

Дереккөздер