Сыздық Рәбиға Сәтіғалиқызы
Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық (1924 жылғы 17 тамызда Ақтөбе облысы Ойыл ауылында туған – 2020 жылғы 4 шілдеде Алматы қаласында қайтыс болған) – филология ғылымдарының докторы (1972), профессор (1989). Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1989), Сәтіғали Құтқожин мен Айғанымның қызы.
Өмірбаяны
Зерттеулер
Сыздық Рәбиға "Абай қара сөздерінің негізгі морфологиялық ерекшеліктері" (1959) тақырыбында кандидаттық, Сыздық Рәбиға “Абай шығармаларының тілі” (1972) тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Қазақ әдеби тілінің нормаларын қалыптастыруға арналған “Тілдік норма және стиль” (1984) еңбегі – қазақ тіл мәдениетінің негізін қалаушы зерттеушілердің бірі. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ әдеби тілінің тарихы, Абайдың поэтикалық тілі, қазақ тілінің поэтикасы, XV – XIX ғасырлардағы ақын-жыраулар тілі, ортағасырлық жазба ескерткіштер тілінің тарихы мен лексика-грамматикалық құрылымы, текстологиясы, тарихи лексика, лингвостилистика, тіл мәдениеті, орфография, жазу теориясы, Ахметтану, лингводидактика салаларында 100-ден астам магистрлік және кандидаттық диссертациялар қорғаған.
Марапаттары
“Қазақ әдеби тілінің тарихы” монографиясы үшін Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы (1995), Абайдың шығармалық мұрасын зерттеген еңбектер топтамасы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығын (1996) алған. Түркітану саласындағы еңбектері үшін халықаралық конференцияларда бірнеше мәрте арнайы дипломдар мен сертификаттарға ие болды. “Құрмет белгісі” (1971), “Парасат” (2004) ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Шығармалары
Қазақ тілі орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш, А., 1959, 1996; Сөздер сөйлейді, А., 1980, 1994, 2004; Сөз сазы, А., 1983; А.Байтұрсынов, А., 1990; Қазақ әдеби тілінің тарихы, А., 1993, 2004; Абайдың сөз өрнегі, А., 1995, 2004; Сөз құдіреті, А., 1997; Қазақ тілінің анықтағышы, Аст., 2000; Тілдік норма және оның қалыптасуы, Аст., 2001; Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі, А., 2004; Қ.А. Иасауи “Хикметтерінің” тілі, А., 2004.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Рабиға Сыздық: Ғылымда жүрген қазақ әйелінің жүгі өте ауыр