Shejire

Сухайла

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026

Сухайла (т.-ө. ж. б.) – парсы тіліндегі ортағасырлық “Иманкули хан-наме” шығармасы авторының бүркеншік есімі. Оның шын есімі және қайда туып өскені жайлы мәлімет сақталмаған. Сухайланың шығармасы Аштрахан әулетінің өкілі Иманқұл ханға арналып, 86 тараудан тұратын өлең түрінде жазылған. Шығармада қазақ хандығы жайлы мәліметтер де берілген. Ондағы мәліметтер Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы қақтығыстардың барысын, Сырдария бойындағы қалалар үшін қазақ билеушілерінің жүргізген күресін тереңірек түсінуге ықпалын тигізеді.

Дереккөздер

Дереккөз: https://kk.wikipedia.org/wiki/Сухайла

Бұл мәтін көрсетілген дереккөзден бейімделген; CC BY-SA лицензиясы бойынша пайдаланылады.