Shejire

Сібір қырғыздарының облысы

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026
Карта зимних и летних кочевок в области сибирских киргизов в 1868 году
Составил подполковник генерального штаба Красовский. · Public domain

Сібір қырғыздарының облысы — Орта жүздегі хандық үкіметті жою және оның орнына күшті басқару жүйесін құру мақсатында 1822 ж. «Сібір қазақтары жөніндегі Жарғыға» сәйкес құрылған әкімшілік-аймақтық бірлік. Жаңа реформаға сәйкес құрамына Тобыл, Томск губерниялары мен Омбы облысы енген Батыс-сібірлік генерал-губернаторлық басқару әкімшілігі құрылды. Оған Ресей боданына айналған Орта жүз халықтары да кірді.