Shejire

Шілменбет Қарауылұлы

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026

Шілменбет би Қарауылұлы (1836, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы – 1916, Мойынқұм жайлауы) — белгілі би, шешен. Қаратаудың теріскей бетін жайлаған қазақ рулары арасында Шілменбеттің шешендік, билік сөздері кең тараған. Шілменбеттің Досбай қажы, Көлбай, Бегалы, тағы басқа би, шешендер және Құлыншақ, Молда Мұса, Майлықожа, Мәделі, Қызыл жырау, Зұлпықар ақындармен сөз жарыс, шешендік қағыстары сол атырапта әлі күнге дейін айтылып келеді.

Дереккөздер