Shejire

Шары

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026

Шары - ежелгі қала орны. Жамбыл облысы Мойынқүм ауданы Қызылту ауылынан солтүстікке карай 6 км қашықтықта орналасқан. 1989 жылы ҚазҰУ-дің археологиялық тобы (жетекшісі М.Елеуов) ашып, зерттеу жұмыстарын жүргізген. Шары орны екі төбеден тұрады. Оңтүстік төбе аумағы 340x320 м, биіктігі 2,5 м. Екінші солтүстік алаң үшбұрыш пішіндес (320x60x180 м). Қазба жұмыстары барысында керамикалық ыдыстар табылды. Зерттеу жұмыс-ары Шоры 10 - 14 ғасырда өмір сүрген деп болжау жасаүға мүмкіндік береді.

Дереккөздер

Дереккөз: https://kk.wikipedia.org/wiki/Шары

Бұл мәтін көрсетілген дереккөзден бейімделген; CC BY-SA лицензиясы бойынша пайдаланылады.