Shejire

Шабай батыр

ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Шабай батыр Қонысұлы (1768, Маңғыстау, Сам өңірі – 1846, Маңғыстау, Итібай құдығы) — Байұлы тайпасы Адай руының Құнанорыс бөлімінен шыққан батыр.

Өмірбаяны

Әкесі Қоныс, аталары Мыңбай, Лабақтар да батыр болған. Шабай батыр Орал казактарымен, Еділ қалмақтарымен, Хиуа жасақтарымен және түрікмендермен болған шайқастарда ерлігімен көзге түскен. Өшіккен жау бір күні көп әскермен келіп, Шабай батыр ауылын өзі жоқта шапқан. 78 жастағы батыр жаман хабарды естіп, жігіттерімен Итібай құдығы деген жерде жауды қуып жетіп, мал мен жанды түгел қайтарады, алайда өзі қаза тауып, осы жерге (Маңғыстау мен Қарақалпақстан шекарасы) жерленеді.

Ұрпақтары

Шабай батырдың балалары Сүгір мен Есен де батыр болған. Ұрпақтары Бердәулет (1842–1915) және Жоламан (1855–1926) батырлар көне Үргеніш қаласының базарында жергілікті билеуші Әлімқұл ханды атып өлтірген. Осы тақырыпқа ақындар жырлар мен толғаулар арнаған. Шабай батыр мен оның ұрпақтарын Қалнияз Шопықұлы жырға қосқан.

Дереккөздер

Шежіредегі орны

Мәліметтер

тұлға
Шабай батыр
Атағы
батыр
Шайқасы
Орал казактарына қарсы шайқасЕділ қалмақтарына қарсы шайқасХиуа жасақтарына қарсы шайқасТүрікмендерге қарсы шайқас
Мемлекет
Кіші жүз
Лақап аты
Ер Шабай
Туған жері
Сам өңірі, Бейнеу ауданы
Туған күні
1768 (1768)
Әскер түрі
жасақ
Қайтыс болған жері
Итібай құдығы, Үстірт, Қарақалпақстан