Shejire

Серғазы Баймұхамбетов

Шежіредегі орны
ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Серғазы Қабиұлы Баймұхаметов (23.4.1936 жылы туған, қазіргі Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе бекеті) – тау-кен инженері, техника ғылымдарының докторы (1990), ҚР Инженерлік академиясының академигі (1996). Арғын тайпасының Тарақты руынан шыққан.

Қазақ кен-металлургия институтын (1958, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. «Қарағандыкөмір» комбинатының шахталарында кен шебері, телім бастығы, бас инженер, шахта директоры болып жұмыс істеді. «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігінің директоры, бас инженер (1979–1992), «Көмір» мемлекеттік холдинг компаниясында лауазымды қызметтер (1992–1994) атқарған. 1996 жылдан «Испат Кармет» АҚ көмір департаментінің техникалық директоры. «Разработка способов управления вентиляцией и газовыделением в шахтах для обеспечения безопасных условия интенсивной добычи угля» деген тақырыпта докторлық диссератция қорғады. Баймұхаметов 90-ға жуық ғыл. жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның («Прогрессивные технологии выемки пожароопасности пластов с кремотогным проветриванием», 1989; «Предупреждение самонагревания и тушение эндогенных пожаров в выработанным пространстве», 1991) авторы; 78 авторлық куәлігі бар. КСРО Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1973). Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту және «Достық» (Ресей) ордендерімен марапатталған.

Дереккөздер