Shejire

Сегізбай Айзұнов

ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Сегізбай Айзұнов (1870, бұрынғы Перовск уезінің Царская болыстығы – 1932, Қызылорда қ.) – қайраткер, педагог.

Өмірбаяны

Ауыл молдасынан сауатын ашқан. 1890 ж. Ташкенттегі мұғалімдер семинариясын бітірген. Семинарияны бітірісімен Ташкент қаласындағы Қазақ қырғыз халық ағарту институтында директор болып тағайындалған. Ол басқарған кезеңде оқу орнын республикаға белгілі азаматтар, акад. С.Кеңесбаев, профессор Ә.Қоңыратбаев, Қазақстанның халық арт. Қ.Жандарбеков, т.б. бітіреді. 1928 – 32 ж. Қызылорда округтік оқу бөлімін басқарды. Округ көлемінде бастауыш, жеті жылдық мектептер ашылып, сауатсыздықты жою ұйымшылдықпен жүргізілді. Қызылорда округтік атқару комитетінің жиналысы құжаттарында Айзұновтың баяндамалары, іс-сапарлары, қызметі жайында деректер сақталған.

Дереккөздер

Шежіредегі орны