Сарыайдын

Сарыайдын – ескі қаланың орны, Батыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.
Географиялық орны
Жаңақала ауданындағы Сарыайдын көлінің батыс жағасынан табылған.
Сипаты
Қалашық үш жағынан (шығыс және батыс жағынан көлмен, солтүстік жағынан Сарыөзенмен) қоршалған.Бұған қоса қаланың қазіргі кезде жал түрінде сақталған қорған қабырғалары болған. Оның солтүстік, батыс және шығыс жақтарыңда мұнараларға бекітілген қақпалары болған. Оның шығыс жағындағы қақпасының мұнаралары жақсы сақталған. Қаладан (оңтүстік-батыс бағытында) 1 км қашықта су тартатын шығыр орналасқан. Қала орнын Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы|Орал облысы]]ның мұражайының археологиялық экспедициясы (жетекшісі Б. Райымқұлов) 1989 жылы ашқан. Қазба жұмыстары кезінде әр түрлі пішіндегі және әр түрлі мөлшердегі плита, керамикалық ыдыстар, т.б. табылды. Ғалымдардың пікірінше, бұл шамамен б.з. XIV ғасырында қалыптасып, дамыған қала болған.
Дереккөздер
