Shejire

Садықов Тоқмұхамед Сәлменұлы

ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026
Нагрудный знак к Почётному званию "Заслуженный деятель Казахстана"
http://sammler.ru · Public domain

Тоқмұхамед Сәлменұлы Садықов (26 қыркүйек 1938 жылы, Ресей, Алтай өлкесі - 23 шілде, 2009 жылы Алматы) – ғалым. Тарих ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері. Қазақ КСР Еңбек сіңірген мұғалімі. Педагогика ғылым академиясының құрметті академигі.

Толығырақ

Уақ тайпасынан шыққан. ҚазМУ-ды бітірген (1964). 1964 — 66 ж. Алматы құрылыс техникумының оқытушысы, 1966 — 69 ж. Қазақ политехникалық институтының (қазіргі Қазақ ҰТУ) аға оқытушысы, 1969 — 70 ж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасы орынбасарының көмекшісі, 1970 — 83 ж. Алматы шетел тілдері институтында (қазіргі Алматы Әлем тілдері университеті) доцент, профессор болды. 1983 — 87 ж. Алматы малдәрігерлік институтында (қазіргі Алматы аграрлық университеті) 1987 ж. Қазақ КСР-і жоғары және орта арнайы білім беру министрінің орынбасары қызметтерін атқарды. 1987 жылдан Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Қазақ ҰПУ) ректоры. Садықовтың ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты: қазіргі жоғары мектеп, Қазақстан тарихы, психология, педагогика тарихы мәселелері. 400-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде психологиялық-педагогикалық, тарих, әлеуметтік мәселелерге арналған 10 монографияның авторы.

Марапаттары

1983 жылы Тарих ғылымының докторы; 1984 жылы профессор (құрметті ғылыми атақтары) берілген. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері 1997 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының акадмигі. КСРО Педагогика ғылым академиясының академигі. «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі» марапатталған. 1998 жылы елбасының жарлығымен «Парасат ордені» мен марапатталды. 1998 жылы «Астана» медалі; 1999 жылы «Гете» медалі; 2005 жылы елбасының жарлығымен ІІ дәрежедегі «Барыс ордені» мен марапатталды. КСРО және ҚазақКСР Жоғарғы кеңестерінің құрмет грамоталарымен мараптталған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Шежіредегі орны

Мәліметтер

тұлға
Садықов Тоқмұхамед Сәлменұлы
Туған жері
Ресей, Алтай
Туған күні
26 қыркүйек 1938 (1938-09-26)
Азаматтығы
 КСРО Қазақ КСР Қазақстан
Альма-матер
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Марапаттары
Барыс ордені
Ғылыми дәрежесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі . Тарих ғылымдарының докторы, профессор
Қайтыс болған жері
Алматы
Қайтыс болған күні
23 шілде 2009 (2009-07-23) (70 жас)