Shejire

Рзаханов Киікбай

Шежіредегі орны
ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Рзаханов Киікбай (1938 ж. т., Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылы) – инженер-құрылысшы.

Өмірбаяны

Орал қ-ндағы құрылыс техникумын (1960), Мәскеудегі Бүкілодақтық құрылыс институтын (1968), жоғары партия мектебін (1978) бітірген. 1960 – 63 ж. ұжымшараралық құрылыс мекемесінде бас инженер, 1963 – 72 ж. Маңғыстау мұнай-газ барлау тресінде құрылыс басшысы, 1972 – 74 ж. Ералиев ауданы партия комитетінде 2-хатшы, кейіннен Форт-Шевченко қалалық партия комитетінде 1-хатшы, 1982 – 87 ж. Маңғыстау ұлутас бірлестігінде бас басқарушы, 1987 – 92 ж. облыстық ауыл шаруашылық басқармасының орынбасары, 1992 – 2004 ж. жеке кәсіпкер болды. 2004 жылдан бастап Қазақстан мұнайшы ардагерлерін қамтитын «Мұнайшы» қоғамдық қорында Маңғыстау облыстық аймақтық үйлестірушісі болып қызмет етуде.

Марапаттары

«Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970), «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.

Дереккөздер

Мәліметтер

тұлға
Рзаханов Киікбай
Ұлты
қазақ
Қызметі
мұнайшы, кәсіпкер, мемлекеттік қайраткер
Туған жері
Шайыр, Маңғыстау ауданы, Маңғыстау облысы, Қазақ КСР
Туған күні
1 шілде 1938 (1938-07-01)
Азаматтығы
Қазақстан КСРО (1938-1991)
Қайтыс болған жері
Ақтау, Қазақстан
Қайтыс болған күні
3 ақпан 2017 (2017-02-03) (78 жас)