Райхан Абайқызы
Шежіредегі орныТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026
Райхан Абайқызы (1871-96) - Абайдың бәйбішесі Ділдадан туған қызы. Найман еліндегі Серікбай байдың ұлы Құдайбергенге тұрмысқа шыққан. Райханның естелігіне қарағанда Абай осы ауылда талай рет болып, [[дойбы♧♧ ойнаған. Өзі ұтса «ми ұтады ғой», қарсы жағы ұтса «тақтай баққан, ойын аңдыған қу ұтады ғой» деп, елді күлдіріп отырады екен. Райханның әкесі туралы естеліктері Абайдың республикалық әдеби мемориалдық музейінде сақтаулы.