Shejire

Қысымшы

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026
Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Қысымшы – орта ғасырдағы шағын қала, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Қордай ауданы Ауқатты ауылынан солтүстік-батысқа қарай 3-5 км жерде, Шу өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан.

Сипаты

Қалашықты 1937 жылы Ю.Г. Платонов, 1940 жылы Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген. Қысымшы - тік төртбұрышты (ауданы 300x400 м) жазық төбе. Оның орталық бөлімінде қамалдың (цитадель) бұзылған орны бар. Қала ортасы үш жағынан (оңтүстік жағын қоспағанда) ұзындығы 10 км дуалмен қоршалған. Қоршау ішінде жеке салған құрылыстардың құлаған қалдықтары сақталған. Зерттеу нәтижесінде Қысымшының жоғарғы қабатынан қыштан жасалған ыдыстар, өлген адамдардың сүйегін күйдіріп салған құмыра (биіктігі 1 м, түбінің диаметрі 0,4 м, бүйірінің диаметрі 0,7 м) табылды. Қысымшы қаласы VII-XIV ғасырларға жатады. Қысымшыны Бернштам Яқалықпен баламалайды.

Дереккөздер

View of the Mazar of Shaikh Ahmad Yasavi in the Town of Turkestan. This image comes from the Russian Illustrated Magazine 'Niva' and was originally published c.1879.
Public domain
Дереккөз: https://kk.wikipedia.org/wiki/Қысымшы

Бұл мәтін көрсетілген дереккөзден бейімделген; CC BY-SA лицензиясы бойынша пайдаланылады.

Мәліметтер

Қалануы
VII-XIV ғасырлар
Мәртебесі
Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
42°54′17″ с. е. 75°08′07″ ш. б. / 42.90472° с. е. 75.13528° ш. б. / 42.90472; 75.13528 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Жамбыл облысы
Батыс Қазақстан
Ақтөбе-Лаэти | Жайық | Сарайшық | Шерғала
Шығыс Қазақстан
Астұр | Бенжар | Дамурия | Дахлан | Сарауыс
Орталық Қазақстан
Алашахан | Аяққамыр | Басқамыр | Көк кесене | Орда-базар
Оңтүстік Қазақстан
Адахкес | Аққорған | Алмату | Аркук | Асанас | Баладж-от | Баршынкент | Битянь | Екіөгіз | Жанкент (Янгикент) | Жент | Жетіасар | Жуантөбе (Арсубаникет) | Жікіл…