Қыр суреттері
Қыр суреттері — Мұхтар Әуезовтың шығармасы. Кешкі дөң басында, Түнгі ауыл, Қысқы түн, Қысты күнгі дала — деген ұсақ әңгімелерінен тұрады. Кітап-жинақтың көбіне Түнгі ауыл әңгімесі енбей, қалған үш әңгіме ғана жарияланып жүреді. Алғаш рет Кешкі дөң басында 1922 жылы «Шолпан» журналының екінші-үшінші сандарында «Қоңыр» деген бүркеншік атпен басылды, Қысқы түн мен Қысты күнгі дала 1923 жылы журналдың төртінші-бесінші сандарында авторы «Жаяусал» деп беріліп, жарияланды. Кейін жазушының 12 томдық (1967) және 20 томдық (1979) шығармалар жинақтарының бірінші томдарында басылды, «Қилы заман» (1975) жинағына да кірді. Алғашқы нұсқаларынан кейінгі басылымдарда сәл өзгешеліктер мен түзетулер бар. Бұл шығармада Әуезов қазақтың қырдағы өмірін, қазақ даласының көркем көріністерін, жазғы мен қысқы пейзаждарын асқан шеберлікпен суреттейді:
Шығармада Әуезов табиғаттың объективті суреттемесін ұсынады, бірақ реализм құбылысының ішінде романтизм элементтерін үйлесе қолданып жүреді, және бұны жазушының стильдік өзгешелігі деп тануға болады. Сонымен қатар, жазушы үстем тап озбырлығынан қан қақсаған қазақ қыздарының трагедиясын жанашырлықпен көрсетеді.
Дереккөздер
Сілтемелер
Аудиоқойылым 20 томдық шығармалар жинағы: 1-ші том