Shejire

Құланның тарпуы

ДәстүрЖаңартылған: 15.09.2026

Құланның тарпуы — халық күйі. Бұл күйді өнертану ғылымының докторы Болат Қарақұлов Орал облысы, Фурманов ауданында тұратын Ылыман Рақымов деген домбырашыдан жазып алған және де нотаға түсірген. Алғашқы рет өзінің "Асыл мұра" атты еңбегінде жариялаған. Күйдің "Құланның тарпуы" жайлы аталу себебінен деректеме берілмеген. Бірақ күй сазындағы әуен-ырғақтың сәл-пәл өзгерістерімен домбыраның әр буынында дөңгелене қайталануы, көне үндермен хабар береді. Әсіресе, күйде оқ тиген құланның шошынуы, ызалануы, алдыңғы екі аяғымен тарпып, артқы аяғымен тебінуі, жараланған аяғымен ақсаңдап басса да, дұшпанынан кек алуға ұмтылуы суреттеледі

Дереккөздер