Shejire

Қозыбасы (жайлау)

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026

Қозыбасы, Қозыбашы – тарихи дерек көздеріндегі Қазақ мемлекеті құрылған аумақ.

Этимологиялық мағынасы қозының басындай ғана тау-төбелі жерлерді білдіреді. Жетісу өңірінде бірнеше Қозыбасы бар. Мысалы, Іле Алатауының солтүстік-батысында Қозыбасы аталатын жота бар. Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері – Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. Қозыбасы аталатын шоқы Жамбыл ақын «Сұраншы батыр» дастанында жырлағандай Қордай асуында, Мойынқұм ауданы Хантау іргесінде және Іле Алатауының солтүстік-батысындағы Қозыбасы деген шоқыда кездеседі. «Манас» эпосында айтылғандай Шу өзенінің бас жағында да (Қырғызстан жерінде) бар. Төрт Қозыбасы да Шу атырабымен іргелес жатыр. Шу бойы мен Қозыбасы тауы – география тұрғыдан алғанда 14 – 15 ғасыр басында өмір сүрген Моғолстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі өңір.

Дереккөздер