Shejire

Қостанай округі

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026

Қостанай округі — 1925-1930 жылдары болған Қазақ АСКР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі.

Тарихы

Қостанай округі 1925 жылы 14 қыркүйекте Қазақ АКСР-не тікелей бағынышты Қостанай уезінің болыстарынан құрылды. Округ болыстарға бөлінді. 1928 жылы 17 қаңтарда Қазақ АКСР-інде округтік бөліністің енгізілуіне байланысты Қостанай округінің шекаралары өзгертілді: Ақмола губерниясының бұрынғы Ақмола уезінің бір бөлігі округке берілді. Округ 15 ауданға бөлінді:

Аманқарағай ауданы. Орталығы — Семиозёрный ауылы. Батпаққара ауданы. Орталығы — Батпаққара мекені. Боровской ауданы. Орталығы — Боровской ауылы. Викторов ауданы. Орталығы — Ново-Ильинский ауылы. Денисов ауданы. Орталығы — Денисовский ауылы. Жітіқара ауданы. Орталығы — Жайылма мекені. Затобыл ауданы. Орталығы — Қостанай қаласы. Қайыңдықұмақ ауданы. Орталығы — Адамовский ауылы. Қарабалық ауданы. Орталығы — Тастыөзек мекені. Меңдіқара ауданы. Орталығы — Уразовский ауылы. Науырзым ауданы. Орталығы — Қайғықарасу мекені. Торғай ауданы. Орталығы — Торғай қаласы (кейіннен ауыл). Обаған ауданы. Орталығы — Қараоба мекені. Урицкий ауданы. Орталығы — Урицкий ауылы. Фёдоров ауданы. Орталығы — Фёдоровский ауылы. 1930 жылы 17 желтоқсанда Қазақ АКСР-інің барлық басқа округтары сияқты округ таратылып, оның аудандары ірілендіріліп, республикалық билікке тікелей бағынуға берілді.

Тұрғындары

Халық тығыздығы 1928 жылы 1 км²-ге 1,9 адамды құрады. Ең көп қоныстанған - Федоров және Боров аудандары (1 км²-ге 12,3 және 13,3 адам) 1926 жылғы санақ бойынша халықтың ұлттық құрамында келесі халықтар басым болды:

украиндар — 41,3 % қазақтар — 31,7 % орыстар — 21,2 % немістер — 2,8 % татарлар — 1,2 % 1926 жылғы санақ бойынша сауатты халық 27,7% -ды құрады:

Әдебиет

Базанова Ф. Н. Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — Б. 194–195. — 1500 таралым.

Дереккөздер

Мәліметтер

Ел
 КСРО
Кіреді
Қазақ АСКР
Тұрғыны
389,3 мың адам (1926)
Жер аумағы
103,6 мың км²
Құрылған уақыты
14 қыркүйек 1925 жылы
Таратылған уақыты
17 желтоқсан 1930 жылы
Әкімшілік орталығы
Қостанай