Қорғаншы
ТарихЖаңартылған: 15.09.2026

Қорғаншы – ортағасырлық қала орны.
Географиялық орны
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Тұрмағанбет Ізтілеуов ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 45 км жерде орналасқан.
Зерттелуі, сипаты
XIX ғасыр ортасында А.И. Макшеев, 1905 жылы археолог И.А. Кастанье зерттеген. Қазіргі уақытта ескерткіш ауданы 80x80 м шаршылы төбешік. Сырт жағынан тереңдігі 3 м-ге жететін ор қазылған. Жер бетінен жинастырылған қыш ыдыстар (көзе, тостаған, саптыаяқ, т.б.) сынықтарына қарағанда Қорғаншыны X-XII ғасырлардағы бекіністер қатарына жатқызуға болады.