Shejire

Қазақстанның қала статусынан айырылған елді мекендері

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026

Ресей отаршылдығы заманында Қазақстан жерінде әкімшілік орталық рөлін атқарған қалалар пайда болды. Олардың көпшілігі қазір де қала статусына ие (кейбіреуі тек номиналды түрде — Қазалы, Қарқаралы, Темір). Сол елді мекендердің біразы қазіргі уақытта қала статусынан айырылған:

Жәнібек — 1928 жылға дейін қала. Ырғыз — 1868 жылдан 1925 жылға дейін қала. Ертіс — 1973 жылдан 1993 жылға дейін қала. Калмыков — 1887 жылдан 1899 жылға дейін қала. Қопал — 1854 жылдан 1927 жылға дейін қала. Көкпекті — 1854 жылдан 1926 жылға дейін қала. Ілбішін (Чапаев) — 1899 жылдан 1920 жылдарға дейін қала. Кейін кеңес заманында 1971-1996 жылдары қала статусында болған. Лепсі — 1880 жылдан 1920 жылдардың басына дейін және 1926-1927 жылдары қала. Торғай — 1868 жылдан 1928 жылға дейін қала. Ойыл — 1925 жылдан 1927 жылға дейін қала. Орда — 1918 жылдан 1928 жылға дейін қала. 1927 жылы уақытша Наримановск деп аталған. Үржар — 1926 жылға дейін қала. Сергиополь — 1831 жылдан 1860 жылға дейін қала. 1939 жылы қала статусын 1931 жылы іргесі қаланған станция маңындағы ауыл алды. Қала статусынан уақытша айырылған қалалар:

Арал — 1926 жылға дейін қала. 1938 жылдан бастап қайтадан қала. Атбасар — 1879 жылдан 1927 жылға дейін қала. Кейін қала статусына қайтадан ие болған. Қаражал — қала статусынан 1990 жылдары айырылып, кейінірек қайтарылған.

Тағы қараңыз

Қазақстан қалалары