Shejire

Қазақстан Республикасы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі — қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қаржы нарығын дамытуға жәрдемдесетін, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Тарихы

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі 2004 жылдың 1 қаңтарында құрылды. Ол тікелей Қазақстан Президентіне бағынды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 25 Жарлығымен Агенттіктің атқарымдары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беріліп, 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 61 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті құрылды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығымен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік органы – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жұмыс істейді. Агенттік берілетін атқарымдар мен өкілеттіктерге сәйкес ҚР Ұлттық банкінің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры ретінде айқындалды.

Міндеттері

1) қаржы нарығын реттеу және дамыту, оның ішінде қаржы ұйымдары қызметінің стандарттарын белгілеу, қаржы ұйымдарын корпоративтік басқаруды жақсарту үшін ынталандыру жасау; 2) қаржы жүйесінің орнықтылығын сақтау мақсатында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мониторингтеу; 3) қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы нарығының тәуекелдерге барынша ұшырайтын салаларында қадағалау ресурстарын шоғырландыру; 4) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың, қаржы ұйымдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы тұтынушылар үшін ақпараттың толықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ халық үшін қаржылық сауаттылық пен қаржылық қолжетімділік деңгейін арттыру; 5) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Заңға (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттер. Сонымен бірге Агенттік қаржы нарығындағы заңсыз қызметті болдырмауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады. Қаржы реттеушісі қаржы ұйымдарына және өзге де ұйымдарға оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып, санкцияларды және Қазақстанның заңдарында көзделген өзге де шараларды қолдануға құқылы. ҚР Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына сәйкес қадағалау органы функцияларының бірі Қазақстан Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары арқылы жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ осы бағдарламалар шеңберінде банктер қабылдаған міндеттемелердің орындалуын бақылау болып табылады. Сонымен бірге Агенттік борышкерлердің құқықтарын және мүдделерін коллекторлық агенттіктер тарапынан заңсыз әрекеттерінен қорғауға, коллекторлық қызметтің ашықтығын арттыруға, берешекті өндіріп алу тиімділігін және қауіпсіздігін арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыруда. Бұдан басқа, Агенттіктің құзыретіне қаржылық қызметтерді, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін дамытуға бағытталған іс-шаралар, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылығын және халық үшін қаржылық қолжетімділікті арттыруға бағытталған іс-шаралар кіреді.

Құрылымы

Департаменттері

Банктерді реттеу департаменті Банктерді талдау және стресс-тестілеу департаменті Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Стратегия және талдау департаменті Заң департаменті Адам капиталын дамыту департаменті Ақпараттық технологиялар департаменті Үйлестіру департаменті (Астана қаласы) Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті Ақпараттық және киберқауіпсіздік департаменті Банктік емес ұйымдарды қадағалау департаменті

Басқармалары

Сыртқы коммуникациялар басқармасы Агенттік Төрайымы қызметінің басқармасы Халықаралық қатынастар және интеграция басқармасы Операциялық тәуекелдер және комплаенс басқармасы Ішкі аудит басқармасы Мемлекеттік құпияларды қорғау және жұмылдыру жұмысы басқармасы Есепке алу және жоспарлау басқармасы

Басшылығы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы — Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы Төрағаның бірінші орынбасары — Әбілқасымов Тимур Бөкейханұлы Төрағаның орынбасары — Қизатов Олжас Төлегенұлы Төрағаның орынбасары — Сәлімбаев Дәурен Ниязбекұлы Төрағаның орынбасары — Тұрсынханов Нұржан Асқарұлы Агенттік Аппаратының Басшысы — Исмағұлова Жәзира Жомартқызы

Басшыларының тізімі

Тағы қараңыз

Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан банктерінің тізімі 2007—2009 жылдар Қазақстан қаржы кризисі

Дереккөздер

Мәліметтер

Мемлекет
 Қазақстан
Төрағасы
Мәдина Әбілқасымова
Штаб-пәтері
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Құрылған уақыты
1 қаңтар 2020
Мекемені басқарады
Қазақстан Республикасының Президенті
Төрағасының бірінші орынбасары
Тимур Әбілқасымов