Shejire

Қазақ КСР Министрлер Кеңесі (1959)

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026

1959 жылғы 27 наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен құрылған Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің тізімі.

Жетекшілігі

Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы — Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары — Григорий Андреевич Мельник. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Иван Гаврилович Слажнев. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Зәуре Сәдуақасқызы Омарова. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақ КСР Сыртқы істер министрі — Асқар Зәкәрияұлы. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының төрағасы — Леонид Георгиевич Мельников.

Министрлер

Қазақ КСР Ішкі істер министрі — Шырақбек Қабылбайұлы. Қазақ КСР Жер қойнауын қорғау жөніндегі геология министрі — Александр Степанович Богатырев. Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі — Сибуғатулла Рысқалыұлы Қарынбаев. Қазақ КСР Мәдениет министрі — Әмір Қанапин. Қазақ КСР Байланыс министрі — Александр Алексеевич Носков. Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрі — Михаил Георгиевич Рогинец. Қазақ КСР Қаржы министрі — Өтешқали Дүйсенғалиұлы Атамбаев. Қазақ КСР Нан өнімдері министрі — Михаил Пантелеевич Карпенко. Қазақ КСР Автомобиль көлігі министрі — Леонид Георгиевич Жуков. Қазақ КСР Коммуналдық шаруашылық министрі — Даниил Фадеевич Кононенко. Қазақ КСР Ағарту ісі министрі — Әди Шәріпов. Қазақ КСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрі — Балжан Бөлтірікқызы. Қазақ КСР Құрылыс министрі — Александр Петрович Кротов. Қазақ КСР Сауда министрі — Рымбек Ілиясұлы. Қазақ КСР Әділет министрі — Қылышбай Сұлтанов.

Төрағалар және басшылар

Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Кеңестік бақылау комиссиясының төрағасы — Әбжан Сүйкімбайұлы Жүсіпов. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Су шаруашылығы Бас басқармасы басшысы — Дүйсенқұл Сарықұлұлы. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Тас жолдары Бас басқармасы басшысы — Виктор Кузьмич Шведенко.

Дереккөздер