Shejire

Қасым Әбуұлы Асанов

ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Қасым Әбуұлы Асанов (1 қаңтар 1931, Үтері ауылы, Құрманғазы ауданы, Қазақ АСКР, РКФСР — 12 мамыр 2008, Алматы) — ғалым, Социалистік Еңбек Ері (1965), ауыл шаруашылық ғылымының докторы (1976), профессор (1983), Қазақстан Республикасы ғылым академиясының академигі (1996). Қазақ ауыл шаруашылық институтын (1951) Мәскеу ауыл шаруашылық академиясын (1963) бітірген. 1955 — 1969 ж. ұжымшар төрағасы, 1969 — 73 ж. Мәскеу ауыл шаруашылық академиясында аға ғылым қызметкер, 1973 — 1987 ж. Шымкент облыстық мемлекеттік ауыл шаруашылық тәжірбие ст-ның, “Шымкент” кеңшар техникумының және дендрологиялық саяжайдың директоры болды. 1987 жылдан Қазақтың мал азығын дайындау және жайылым ғылым-зерттеу институтының директоры. Асановтың ғылыми еңбектері негізінен Қазақстанның оңтүстік-шығыс және батыс аймақтарындағы жайылымға қолайлы жерлерді зерттеуге арналған. Шөлейт жерлердің құнарлылығын арттыру үшін Асанов Атырау облысында алғаш рет мал-азықтық дақылдарды (жоңышқа, қоңырбас субидайық, жиматарғақ, үйбидайық) бірге сеуіп суармалы жайылым жасау әдісін қолданды. Сондай-ақ ол белок пен витаминдердің сапасын жақсарту үшін мал азығына көк балдырды (хлорелла) қосуды ұсынды. А. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы, Халықтар достығы, “Құрмет Белгісі” ордендерімен марапатталған.

Шығармалары:

Пастбищное хозяйство Казахстана, А.-А., 1992; Практикум по пастбищному хозяйству. А., 1994.

Дереккөздер

Сілтемелер

RUS - Сайт депутата(қолжетпейтін сілтеме) Жайылым үшiн жанын салған | Алматы ақшамы қоғамдық саяси газеті(қолжетпейтін сілтеме) Список знаменательных дат - Библиотека - Материалы - КМиБ ...

Шежіредегі орны

Мәліметтер

тұлға
Қасым Әбуұлы Асанов
Туған жері
Үтері ауылы, Құрманғазы ауданы, Қазақ АСКР, РКФСР
Туған күні
1 қаңтар 1931 (1931-01-01)
Азаматтығы
 КСРО  Қазақстан
Альма-матер
К. А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясы
Ғылыми аясы
жайылымдық шаруашылық
Марапаттары
.mw-parser-output .ts-Қатар{width:auto;border-collapse:collapse}.mw-parser-output .ts-Қатар td{padding-right:2px;padding-left:2px;text-align:center}.mw-parser-o…
Ғылыми атағы
профессор; ВАСХНИЛ академигі, ҚР ҰҒА академигі
Ғылыми дәрежесі
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы