Shejire

Қасқырбаев Бейсенбай

ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Қасқырбаев Бейсенбай (1904, қазіргі Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылы – 1958, сонда) – мұғалім, ақын. Халық ағарту ісінің үздігі (1948). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Мәскеу қаласындағы Шығыстану университетінде оқыған (1922 – 25). 1925 – 28 жылдары Қазалы уезі халық ағарту бөлімінің меңгерушісі, 1928 – 30 жылдары Қарақалпақ автономиялы облысының оқу комиссарының орынбасары, 1930 – 36 жылдары Қармақшы ауданында мектеп директоры, оқу бөлімінде инспектор, 1936 – 41 жылдары Шымкент қаласында, Тереңөзек ауданында халық ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1943 – 58 жылдары 109 орта мектептің директоры болды. 1945, 1946 жылдары облыстық айтыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Қасқырбаевтың «Көктем», «Қош бол, қолым», «Ардақты сәлем еліме», «Бұлбұл», «Дәуіт», т.б. өлеңдері бар.

Дереккөздер

Шежіредегі орны