Shejire

Қаракемер қалашығы

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026
Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Қаракемер қалашығы – ортағасырлық қалашық, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылынан 2 км оңтүстік-батыс бағытта орналасқан.

Зерттелуі

Қалашықты 1938 жылы Жетісу археологиялық экспедициясы ашты. 1978 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы, 1989 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының ҚР Тарих және мәдени ескерткіштер жинағының археологиялық экспедициясы зерттеген.

Сипаты

View of the Mazar of Shaikh Ahmad Yasavi in the Town of Turkestan. This image comes from the Russian Illustrated Magazine 'Niva' and was originally published c.1879.
Public domain

Қала орны төрт бұрышты, екі қабатты төбешік алаңнан тұрады. Үстіңгісінің биіктігі 7 м, аумағы оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 100х130 м. Оңтүстік жағында орталық қамал болған. Астыңғы төбешік - алаң биіктігі 3 м, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 60х160 м. Жобасы үшбұрыштылау келген екінші төбе де екі қабатты, трапеция пішінді. Үстіңгісінің өлшемдері: 120х30 м, биіктігі 6 м; төменгісінікі 45х40 м, биіктігі 2 м. Осы төбелердің айналасында мөлшері 1 км қабырға қалдығы сақталған. А.Н. Бернштамның пікірінше Қаракемер қалашығы VII-XXII ғасырлардағы Адахкес қаласы болуы мүмкін. Оның тұрғындары егін шаруашылығымеен шұғылданған.

Дереккөздер

Мәліметтер

Қалануы
VII-XII ғасырлар
Мәртебесі
Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
43°04′04″ с. е. 71°04′03″ ш. б. / 43.06778° с. е. 71.06750° ш. б. / 43.06778; 71.06750 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Жамбыл облысы
Батыс Қазақстан
Ақтөбе-Лаэти | Жайық | Сарайшық | Шерғала
Шығыс Қазақстан
Астұр | Бенжар | Дамурия | Дахлан | Сарауыс
Орталық Қазақстан
Алашахан | Аяққамыр | Басқамыр | Көк кесене | Орда-базар
Оңтүстік Қазақстан
Адахкес | Аққорған | Алмату | Аркук | Асанас | Баладж-от | Баршынкент | Битянь | Екіөгіз | Жанкент (Янгикент) | Жент | Жетіасар | Жуантөбе (Арсубаникет) | Жікіл…