Қарағанды Көмір Өндірістік Бірлестігі
ТарихЖаңартылған: 15.09.2026
Қарағанды көмір өндірістік бірлестігі – көмір өнеркәсібі орны. 1947 жылы құрылған. Құрамында 26 шахта болды. Оған Қушоқы және Молодежный көмір қимасы, 8 байыту фабрикасы, 4 кен-шахта және кен көлігі жабдықтарын жөндейтін зауыт, Қарағанды көмір құрылысы тресі және 14 мекеме кірді.