Қаптағай батыр Түгелбайұлы
ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026
Қаптағай батыр Түгелбайұлы (1700-1760) – ХVIII ғасырдағы ақтабан шұбырынды аласапыран кезеңде Абылай хан бастаған қазақ батырларының сапында жоңғарға қарсы шайқасқан айтулы қолбасылардың бірі. Қазақ елінің бірлігі, жерінің тұтастығы жолындағы шешуші шайқастарда ерен ерлігімен көзге түсіп, Абақ Керей ішінде Қарақас руының ұранына айналған батыр. Қаптағай батыр ШҚО Зайсан ауданына қарасты Кендірлік өзені бойына жерленген. 2019 жылы басына ескерткіш орнатылып, аудан орталығынан көше аты берілді.