Shejire

Қапа Құдайбергенов

ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026

Қапа Құдайберенов (15.3.1937 жыл, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы – 3.2.1995 жыл, Ақтөбе қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1985), профессоры (1986).

Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (1964, қазіргі Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. Қызылорда облысы Арал ауданы ауруханасында дәрігер (1964–67) Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі (1970–83) қызметтерін атқарған. Негізгі ғылыми еңбектері акушерлік және гинекология мәселелеріне арналған. «Әйелдер босанғаннан кейін жұқпалы ауруларды дарытпау» тақырыбында доктор диссертация қорғаған. 20-дан астам ғыл. жарияланымның авторы.

Дереккөздер

Шежіредегі орны