Қалсім Шәкірқызы Кереева-Қанафиева
ТұлғаЖаңартылған: 14.09.2026
Қалсім Шәкірқызы Кереева-Қанафиева (22.12.1920, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шар ауданы – 1995, Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1972), профессор (1974),
1981 - Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері. 1942 - ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1942 жылдан осы университетте оқытушы, доцент, 1970 - кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. «Орыс-қазақ әдеби қатынастары (ХІХ ғасырдың 2-жартысы – XX ғасырдың 1-ондығы)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Орыс баспасөзі, орыс-қазақ әдеби байланыстарына арналған ғылыми еңбектердің, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.