Қаламтөбе
ТарихЖаңартылған: 15.09.2026

Қаламтөбе – ежелгі қала орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Отырар ауданы, Қоғам ауылынан 2,5 км оңтүстік-шығыста орналасқан.
Деректер
1969–70 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) тауып, зерттеген. Қазіргі орны екі төбеден тұрады. Үлкен төбе тік бұрышты келген. Оның аумағы 40-20 м, биіктігі 4,3 м. Одан 30 м шығысқа қарай дөңгелектеу келген, диаметрі 10 м, биіктігі 2,4 метр төбешік орналасқан. Зерттеу барысында ангобты өрнегі бар құмыралар, т.б. қыш ыдыстар жинастырылған. Зерттеулер нәтижесінде қала тұрғындары мұнда б.з. I-VI ғасырларында өмір сүргені және егіншілікпен айналысқаны анықталды.