Қаби Оқаев
Қаби Оқаев(2.9.1929, Атырау облысы Құрманғазы ауданы Утеры кенті-22.12.2017, Алматы) – педагог, экономика ғылымының докторы (1975), профессор (1978), КСРО Жоғары мектебінің үздігі (1970), Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1995).
Оқу жолы
(1999) ғылым академияларының академигі. ҚазМУ-ды (1959, қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
Жұмыс жолы
ҚазМУ-да оқытушы, аға оқытушы (1959–1963), Алматы халық шаруашылық институтында декан (1963–1964 және 1970–1987, қазіргі Қазақ экономика университеті), доцент (1967), кафедра меңгерушісі (1975–2005) болды;2005 жылдан профессор қызметін атқарады
Ғылыми еңбектер
«Система экономических рычагов и проблемы стимулирования использования основных фондов (по материалам промышленности Казахстана)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оқаев өнеркәсіптегі негізгі қорлардың ұдайы өндірісі, шаруашылық есеп қатынастарын, экономиканы басқарудың шаруашылық тетігін жетілдірудің экономика заңдылықтарын зерттеумен айналысып, осы салалар бойынша Қазақстанда ғылыми мектепті қалыптастырды. Окаевтың өнеркәсіп саласындағы ұсыныстары мен әдістемелері Қазақстанның машина жасау, түсті металлургия, жеңіл өнеркәсіп және құрылыс ұйымдарында енгізілді. 250-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 15 монографияның авторы.
Марапаттар
«Құрмет Белгісі» орденімен (1986), медальдармен марапатталған.
Шығармалары
Шығармалары: Эффект технического перевооружения, АУЫЛЫ-АУЫЛЫ, 1988; Экономика промышленного предприятия (соавт.), АУЫЛЫ, 1994; Предпринимательство в Республике Казахстан (соавт.), АУЫЛЫ, 1999.