Павлодар уездік сьезі
ТарихЖаңартылған: 15.09.2026
Павлодар уездік сьезі 1918 жылдың ақпан айында өтті. Сьезде, негізінен, ұлт қазынасы мәселесі қарастырылды. Сьезге қатысушылар Алаш қозғалысын қолдап, тілектестіктерін білдіріп, оған қаржылай көмектесуге бәтуаласты. Бірқатар қаржылы азаматтар Алаш қазынасына ақшалай көмек беретіндіктерін білдірді.