Өзен - Атырау - Самара
ТарихЖаңартылған: 15.09.2026
Өзен - Атырау - Самара (ІІ-тарамы) - Маңғыстау мұнайын Ресейге қотаратын (айдайтын) мұнай құбыры. Ұзындығы 1500 км, құбырдың диаметрі 1220 мм. Өткізу мүмкіндігі жылына 10,5 млн. т. Пайдалануға буындар бойынша беріледі: Өзен - Атырау бөлікшесі 1969 жылы іске қосылды, Атырау - Самара бөлікшесі 1978-80 жылдары пайдалануға өтті. Бүкіл құбыр тартылымындағы Өзен, Бейнеу, Құлсары, Атырау, Индербор және Үлкен Шаған бекеттерінде 7 мұнай қотару станциялары орныққан. Қотару станцияларымен қатар, оларға қосымша ретінде елді мекендерде мұнай жылытатын 6 станция бар (Сай Өтес, Опорная т.ж.с., Карманово, Антоново, Сахарный, Барановка). 2004 жылы жүргізілген қайтадан жарақтандыру шараларынан кейін құбыр қуаты 15 млн. т.-ға жетті.