Shejire

Орта Ақтөбе

ТарихЖаңартылған: 15.09.2026
Pitcher Susa Louvre MAOS221
Marie-Lan Nguyen · Public domain

Орта Ақтөбе – орта ғасырлардағы бекіністі қала орны.

Географиялық орны

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 6,5 км жерде, Шу өзенінің құрғап қалған ескі арнасының оң жағалауында орналасқан.

Зерттелуі, сипаты

1948 жылы Қазақстан ҒА-ның Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә. Марғұлан) ашқан, 1986 жылы қазіргі Қазақ Ұлттық Университетінің Археологиялық Экспедициясының отряды (жетекшісі М. Елеуов), 2000 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Археология институты экспедициясы (жетекшісі К.М. Байпақов) зерттеген.

Сипаты

View of the Mazar of Shaikh Ahmad Yasavi in the Town of Turkestan. This image comes from the Russian Illustrated Magazine 'Niva' and was originally published c.1879.
Public domain

Қалашық бұрыштары сүйір, түзу қабырғалы төбе. Қабырғалары дүниенің төрт нүктесімен бағыттас орналасқан және бес мұнарасы бар. Аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 75 м, батыстан шығысқа қарай 60 м, биіктігі 5 м. Қақпасы шығыс қабырғасының бойында, оңтүстік-шығыс бұрышына жақын жерде. Археологиялық зерттеу нәтижесінде табылған заттар (негізінен, қыштан жасалған ыдыстар), қаланың б.з. 8 – 12 ғасырларына жататындығын көрсетеді.

Дереккөздер