Облыстық маңызы бар қала
ТарихЖаңартылған: 15.09.2026
Қазақстан Республикасында облыстық маңызы бар қалаға халық саны 50 мың адамнан артық өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы дамыған ірі экономикалық және мәдени орталықтар жатады (Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-XII Қазақстан Республикасының Заңы (орысша мәтіні)(қолжетпейтін сілтеме)).
Облыстық маңызы бар қалалар тізімі
Абай облысы
Семей Курчатов
Ақмола облысы
Көкшетау Қосшы Степногорск
Ақтөбе облысы
Ақтөбе
Алматы облысы
Қонаев
Атырау облысы
Атырау
Батыс Қазақстан облысы
Орал
Жамбыл облысы
Тараз
Жетісу облысы
Талдықорған Текелі
Қарағанды облысы
Қарағанды Балқаш Приозёрск Саран Теміртау Шахтинск
Қостанай облысы
Қостанай Арқалық Лисаковск Рудный
Қызылорда облысы
Қызылорда Байқоңыр
Маңғыстау облысы
Ақтау Жаңаөзен
Павлодар облысы
Павлодар Ақсу Екібастұз
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл
Түркістан облысы
Түркістан Арыс Кентау
Ұлытау облысы
Жезқазған Қаражал Сәтбаев
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен Риддер